Қазақстан Паралимпиададан алғашқы алтынды иеленді  - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан Паралимпиададан алғашқы алтынды иеленді 

14 наурыз, 2018, 13:01 1559
Қазақстан Паралимпиададан алғашқы алтынды иеленді 

Күміс медаль жапониялық параатлетке бұйырса, қола жүлдені канадалық спортшы алды.

Қазақстандық параатлет Александр Колядин Оңтүстік Кореядағы Пхёнчханда спринтте алтын медаль алды, деп хабарлайды BNews.kz Вaq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық Паралимпиада құрамасының капитаны Александр Колядин Пхёнчхан-2018 ойындарында 15 км қашықтықтағы спринтте ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Ол финалдық бәсекедегі мәреге 4:19.7 минутта жетті.

4:20.5 минут уақыт көрсеткішімен жапониялық параатлет Yoshihiro NITTA екінші орын алды. Ал, Канаданың спортшысы Mark ARENDZ 4:20.8 минутта келіп, қола медаль алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар