Қазақтың ескі әндері мен күйлері аудиомұрағатқа топтастырылды

7 Ноября, 2018, 10:50 4042
Қазақтың ескі әндері мен күйлері аудиомұрағатқа топтастырылды |  | BNews.kz

Аталмыш жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Қазақстанның Ұлттық музейінде "Қазақтың музыка өнері" аудиомұрағатының салтанатты тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды  BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл дыбыстық ресурстың мақсаты – ескі дыбыстық жазбаларды түпнұсқалық дыбыста сақтап өскелең ұрпаққа мирас ету, оны жас өнер шеберлерінің пайдалануына мүмкіндік беру, сондай-ақ ғылыми айналымға енгізу. 

Ұсынылған аудиомұрағаттан көне әрі заманауи күйлер мен әндерді тауып, тыңдауға болады. Болашақта халықтың сүйіктісіне айналған орындаушылардың бұрын еш жерде жарияланбаған шығармаларын жазып, өңдеп, көпшілікке ұсыну жоспарлануда.   

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13985

Похожие новости