Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы өмірден озды - Жаңалықтар | BNews

Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы өмірден озды

27 ақпан, 12:17 686
Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы өмірден озды

Ол бүгінде қазақ комментаторлары пайдаланып жүрген көптеген термин сөздерді қолданысқа енгізген.

Қазақтаннан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы 82 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен ғасырдың 70 жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сайратқан Сұлтанғали Қаратайұлы еді. Оның спорт репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, "Айып алаңы", "Оң қаптал", "Сол қаптал", "Қосалқы құрам" тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Сонымен қатар, бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері де жарық көрді.

Қазақстан футбол федерациясы Сұлтанғали Қаратайұлының тума-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Сұлтанғали Қаратайұлының есімі Қазақ футболының тарихында мәңгі қалмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары