Қазалыдағы ескерткіштерге QR штрих-код тақтайшалары орнатылды

30 қазан, 2018, 15:48 1668 Қызылорда облысы
Қазалыдағы ескерткіштерге QR штрих-код тақтайшалары орнатылды

Қазалыдағы 32 мәдени-рухани ескерткіштің енді QR штрих-кодтары бар. Бұл игі бастама «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынуда

Ауданда 6 республикалық маңызы бар ескерткіш болса, соның 5-еуіне QR штрих-код тақтайшалары орнатылды. Атап айтсақ, Қазалы қаласындағы Ноғай (Нұралы) мешіті, Ғанибай үйі, Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана), Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы ғимараты (Депутаттар кеңесінің ғимараты), Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы,

(Х-ХІ ғ.ғ), Құттыбай кесенесі (ХVIII-XIX ғ.ғ.), Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу), Жанкент(Янгикент) қалашығы (ІХ-ХІ ғ.ғ.) және аудан көлемінде жергілікті маңызы бар ескерткіштерге де орнатылуда. 

Енді кез кезген тұрғын ұялы телефондағы Android және IOS платформаларында «Сканер QR и штрих-кодов» мобильді қосымшасы арқылы тақтайшаларды сканерлеп,  ескерткіш жайлы http://www.kyzylorda-pamyatniki.kz сайтында орналасқан мәліметтерді ала алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!