Қазавиақұтқару тікұшағы Қырғызстандағы туристерге көмекке шықты - Жаңалықтар | BNews

Қазавиақұтқару тікұшағы Қырғызстандағы туристерге көмекке шықты

31 шілде, 11:50 1741
Қазавиақұтқару тікұшағы Қырғызстандағы туристерге көмекке шықты

9 адамнан құралған жедел топ Алматыдан МИ-171 тікұшағымен ұшып кетті.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Казавиақұтқару тікұшағымен туристерге көмекке аттанды, деп хабарлайды BNews.kz Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"6.58-де Республикалық жедел- құтқару жасағының құтқарушылары Қырғызстан Республикасына Қазавиақұтқару тікұшағымен Скрябин мұздығы ауданына ұшып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, мұнда кеше теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер тасқұламаға тап болған. 9 адамнан, соның ішінде екі кинологиялық  топтан құралған жедел топ Алматыдан МИ-171 тікұшағымен ұшып кетті", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер оқыс оқиғаға тап болған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары