Қазгидромет еліміздің екі облысына дабылды ескерту жариялады

Написать нам
06 тамыз, 2018, 16:06 1652
Қазгидромет еліміздің екі облысына дабылды ескерту жариялады

Алдағы күндері Жамбыл мен Түркістан облыстарында ауа температурасы +40 градусқа дейін жоғарылайды.

Жамбыл мен Түркістан облыстарында ауа температурасы +40 градусқа дейін жоғарылауына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 7-10 тамыз аралығында күндіз 35-40°С қатты ыстық болады. Сонымен қатар, Тараз қаласында 7-10 тамызда күндіз 36-38°С қатты ыстық болжанады.

7 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

6-7 тамызда күндіз кей жерлерде 410С қатты ыстық сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар