Қазконтент Қазақстан тарихы туралы видеожобаны бастайды

28 желтоқсан, 2018, 17:12 3808 Астана
Қазконтент Қазақстан тарихы туралы видеожобаны бастайды

Аталған жобаға әсіресе мектеп оқушылары қызығушылық танытып отыр.

"Қазконтент" АҚ-ға қарасты "Қазақстан тарихы" интернет порталы "Тарих ағай" жобасын бастайды. Жобаның мақсаты – күрделі кезеңдегі тарихи оқиғаларды қызықты, жеңіл түсіндіру, жас көрермен үшін мультимедиялық материалдар ұсыну, деп хабарлады e-history.kz.

Елімізде тарих туралы алғашқы сөзді үйреніп, тарихи сананы қалыптастырушы бірінші адам – тарих пәнінің мұғалімін "тарих ағай" деп атау барлық өңірге тән. Жоба атауы осындай қадірлі мамандық иесінің мәртебесін көтеруге байланысты қойылған.

"Тарих ағай" жобасының алғашқы бейнекөрінісі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналды. Онда соғыстың басталу себептері мен болған ошақтары және қатысқан адамдар туралы мәліметтер айтылып, мультимедиалық мемдер (күлкілі қозғалыс) мен лайфхактар ұсынылады. 

Жобаның алғашқы ролигі аз уақыттың ішінде әлеуметтік желілерде 60 мыңнан астам қаралым жинады. Бұған әсіресе мектеп оқушыларының қызығушылық танытып отырғаны байқалады. Өз кезегінде жоба жасөспірімдердің тарих туралы түсініктерінің дұрыс қалыптасуына, ұлт тарихының ақтаңдақ беттерін түсінуге және отаншыл, патриот болып өсуіне жәрдемдеседі.

"Тарих ағай" жобасы алдағы уақытта Жаңа жыл мерекесі, Семей полигонының қасіреті және ғасыр айқасы деп бағаланған 1920 жылғы шекара мәселесіне қатысты қысқа роликтер түсіруді жоспарлап отыр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар