"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

20 қараша, 2018, 12:47 1628 Астана

Алик Айдарбаев 2018 жылғы 15 қаңтардан бері "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келген. 

Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Baq.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айдарбаев Алик Серікұлы 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысында Александровка ауылында дүниеге келген.

Еңбек қызметін 1985 жылы "Жетібаймұнай" мекемесінде оператор, технолог, кейін мұнай мен газ өндіру шебері қызметінде бастаған.

Түрлі жылдары бас директордың орынбасары және "Оңтүстікмұнайгаз" бірінші вице-президенті, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры қызметтерінде болған.

2011 жылдың сәуірінде "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма директоры қызметіне тағайындалып, сол жылдың желтоқсанында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры болып тағайындалды.

2013 жылдан 2017 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қаңтарына дейін ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болды. 2018 жылғы 15 қаңтардан бері "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар