"Қазпошта" дрондардың көмегімен 1,5 тонна  жүкті жеткізді - Жаңалықтар | BNews

"Қазпошта" дрондардың көмегімен 1,5 тонна  жүкті жеткізді

12 наурыз, 2018, 16:08 1571 Астана

10 пошташы-дрон негізінен хаттар, журналдар мен газеттерді тасымалдайды.

Дрондар арқылы шалғай аудандар мен таулы аймақтарда орналасқан 30 елді-мекенге хат-хабар жеткізіледі.

"Өткен жылдың қыркүйек айында біз ресми түрде дрон арқылы хаттар мен газеттерді жіберуді бастадық. Қазір 30 шалғай және таулы аймақта орналасқан елді-мекенге жеткіземіз. Дрондармен 1500 килограмм жүкті тасымалдадық. Қолданыста 10 дронымыз бар", - деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Оның айтуынша "Қазпошта" дрондар үшін бір тиын да жұмсаған жоқ, компания сервисті қызмет көрсету үлгісі бойынша жұмыс атқарады.

"Біз сервисті үлгіге көштік, яғни біз дрондар үшін емес, әр-бір ұшырылым үшін төлейміз. Біз үшін бұл өте тиімді, өйткені кейде екі килограмм газет үшін біз таулы жердегі 150 шақырым қашықтыққа көлік жіберуге мәжбүр боламыз. Ал былайша дрон екі килограммды көтеріп алады да, тауды төтесінен 40 шақырымда ұшып өтеді", - деді Сәрсенов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар