"Қазпошта" мен "Одноклассники" бірлесіп, еліміздегі электрондық сауда аясын кеңейтпек

05 желтоқсан, 2018, 16:43 1705 Астана

Енді аталған әлеуметтік желінің еліміздегі 2,5 млн пайдаланушысы интернет-дүкеннің 30 миллионнан астам тауарын таңдап, тапсырыстың төлемін теңгемен жасай алады.

Қазақстанда электрондық сауда аясы кеңеюде. Ал бүгін Астанада "Қазпошта" мен "Одноклассники" басшылығы қол қойған меморандум бұл саланы тағы да ілгерілетеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының бір бағыты – электрондық сауда. Ал бұл өз кезегінде еліміздің күллі экономикасының қозғаушы күшіне айнала алады. Осы негізде Үкімет қаулысымен іргелі реформалар басталып, олардың жалғасы тауып жатыр. Айталық, 2017 жылы қазақстандық e-commerce нарығының көлемі 106,9 млрд теңгені немесе бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінің 1,2 пайызын құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 36,2 пайызға жоғары.

Ал жақында Қытай тауарларының маркетплейсі "Одноклассники" әлеуметтік желісі арқылы Қазақстан нарығына шықты. Енді аталған әлеуметтік желінің еліміздегі 2,5 млн пайдаланушысы интернет-дүкеннің 30 миллионнан астам тауарын таңдап, тапсырыстың төлемін теңгемен жасай алады. Ал тауарды қысқа мерзімде жеткізіп беру қызметін "Қазпошта" АҚ қазіргі заманғы технологияларының арқасында мойнына алады.

"Одноклассники" әлеуметтік желісінің жетекшісі Антон Федчин қазақстандықтар әлеуметтік желі платформасында сатып алудың барлық артықшылықтарын бірінші болып бағалай алатынын айтып өтті.

"Біздің Қазақстан нарығына шығуымыз және "Қазпоштамен" интеграция – әлеуметтік желіні дамыту жолындағы маңызды жұмыс. "Одноклассники" – Ресейде ғана емес, шет елдерде де ірі әлеуметтік желілердің бірі. Қазақстан тұрғындары әлеуметтік желі платформасында сатып алудың барлық артықшылықтарын бірінші болып бағалай алады. Мәселен, тауарды таңдаудан бастап, тапсырыс орналастырғанға дейін және ОК шегінен шықпай-ақ төлем жасай алады", - деп атап өтті Антон Федчин.

Сондай-ақ, ол тауарларды сатып алудан бөлек, пайдаланушылар контенттің жаңа түрлерін және шолуларды қарап, оларды өздері құрып, тауарлар туралы пікірлермен бөлісе алатынын атап өтті.

ОК интернет-дүкені әртүрлі санаттағы тауарды таңдауға, сатып алуға және пошта арқылы жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік береді. E-commerce платформасының негізгі ерекшелігі – пайдаланушы контентінің интеграциясы (UGC) сатып алушылар тауарларды бейне және фото шолулар арқылы қарап, бағалай алады. Сондай-ақ, тауарлар туралы ақпаратты достарымен әлеуметтік желілерде бөлісіп, оларды жақындарына ұсына алады.

Барлық сатып алулар толық қорғалған. Төлем банк картасымен ОК аккаунтына байланысты жасалады, егер тауар келмесе немесе оның сапасы сатып алушыға ұнамаса, әлеуметтік желі ақшаны қайтарады. Жеткізу бүкіл Қазақстан бойынша тегін және "Қазпошта" арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тапсырыстан кейін үш сағат ішінде сатып алушы оны жоя алады. Интернет-дүкен сатып алуға, қайтаруға, жеткізуге, тауардың сапасына байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар