Қазпошта сәлемдеме мен хаттарды қабылдауда қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр

25 желтоқсан, 2018, 15:27 2464
Қазпошта сәлемдеме мен хаттарды қабылдауда қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр

Қазпошта 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардан барлық сәлемдеме мен хаттарды ашық күйінде қабылдайды.

"Қазпошта" АҚ сәлемдеме мен хаттарды қабылдауда қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

"Жеке тұлғалар жіберетін барлық тіркелетін пошта жөнелтілімі "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына сәйкес ашық күйінде қабылданады (тіркелмейтін хаттарды қоспағанда). Заңды тұлғалардың хат-хабарлары бұрынғыша ашық және жабық күйінде қабылданады. Барлық тапсырыс хат, бандероль және құндылығы жарияланған хат, сондай-ақ сәлемдемені пошта байланысы бөлімшесіне ашық күйінде әкеледі. Бұл ретте, пошта операторы пошта жөнелтілімдерін қабылдағанда, жөнелтушіні сәйкестендіруі және оның деректерін тіркеуі керек", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жөнелтуге тыйым салынған заттардың мазмұны үшін сәлемдемелерді тексерудің мүмкін болмауына байланысты поштамат арқылы пошта жөнелтілімдерін қабылдау тоқтатылатыны атап өтілген. Поштамат арқылы берілген пошта жөнелтілімдерін қабылдау пошта байланысы бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

"Қабылданған шаралар пошта операторы мен оның қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет", - деп түсіндірді "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінде.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Қазпошта #сәлемдеме #қауіпсіздік

Читайте также

Похожие новости