"ҚазТрансГаз Аймақ" қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертті - Жаңалықтар | BNews

"ҚазТрансГаз Аймақ" қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертті

28 шілде, 17:06 2913

WhatsApp мессенджерінде белгісіз әйел дыбыстық хабарлама таратқан. Онда ол  өзін газ қызметінің маманы ретінде таныстырып, 7 жасар қыздан асханаға барып, газды тексеремін деген сылтаумен плитадағы кранды ашуын өтінген.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мессенджерде газға қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"2018 жылдың 26- 27 шілде күндері WhatsApp мессенджерінде белгісіз әйел дыбыстық хабарлама таратқан. Онда ол  өзін газ қызметінің маманы ретінде таныстырып, 7 жасар қыздан асханаға барып, газды тексеремін деген сылтаумен плитадағы кранды ашуын өтінген. Бүлдіршін крандардың ашық екенін және иіс шығып жатқанын айтқанда, жалған оператор баланың бөлмесін барып, өз ісімен айналысуын сұрайды. Ол газ қызметінің газды өшіріп, қосатынын айтып, газды жаппауын айтады",  - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

"ҚазТрансГаз Аймақ" мұндай әрекеттің қауіпті екендігін ескертті.

"Осыған байланысты, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ компания мамандары мен қызметкерлерінің мұндай өтінішпен ешқашан хабарласпағанын мәлім етті. Тұтынушыларға газ конфоркаларын бақылаусыз ашуының қайғылы оқиғаға, өрт пен жарылысқа әкеп соқтыратынын ескертуде", - деді ұйымнан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары