Kaztube.kz "Мен – мобильді репортермын" байқауын жариялады - Жаңалықтар | BNews

Kaztube.kz "Мен – мобильді репортермын" байқауын жариялады

01 ақпан, 17:14 1845
Kaztube.kz

Ең үздік видео жариялаған жеңімпаз 200 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

"Kaztube.kz" видео-порталы осы жылдың 25 қаңтарында бір ай бойы жалғасатын байқау жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

"ҚазКонтент" АҚ-ның Басқарма төрағасы Евгений Кочетов байқаудың шарттарын түсіндіріп берді.

"Байқаудың шарты – байқау қатысушысы ұялы телефонымен әлеуметтік желі қолданушыларының назарын ең көп тартатын видео түсіруі керек. Бір тәулік ішінде ең көп қаралым жинаған, қоғамды қызықтырған видео авторы 200 мың теңге көлемінде сыйақы алады", - деп атап өтті Евгений Кочетов.

Сондай-ақ, ол байқаудың негізгі шарты – видео-ролик басқа сайттар немесе әлеуметтік парақшалардан бұрын жариялануы қажет. Сонымен қатар, байқауға қатысушы видеоны өзі түсіруі және тек Kaztube.kz порталында ғана жариялауы керек.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар аталған байқауды ай сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары