ҚазҰУ Орталық Азиядағы ең үздік ЖОО деп танылды

Написать нам
04 қазан, 2018, 11:29 4735 Алматы
ҚазҰУ Орталық Азиядағы ең үздік ЖОО деп танылды

Университет "THE World University Rankings-2019" рейтінгінде әлемнің үздік ЖОО-ларының 801-1000 тобына енді.

Британдық "Times Higher Education" (THE) агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия университеттері арасында бірінші болып "THE World University Rankings-2019" рейтінгінде әлемнің үздік ЖОО-ларының 801-1000 тобына енді. Жалпы бұл рейтинг тізімінде 86 елден 1250 университет бар, деп хабарлайды BNews.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

ТНЕ рейтингі 2010 жылы "Global Institutional Profiles Project" жаһандық жобасы аясында "Times Higher Education" және "Thomson Reuters" бірлесе жасаған, университеттердің барынша ықпалды ғаламдық рейтингісі саналады.

ТНЕ рейтингінің айырықша ерекшелігі бағалау критерилерінің басым бөлігінің университеттегі ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтерге бағытталуында. Барынша толық әрі үйлесімді салыстырумен қамту үшін: зерттеу және білім беру қызметі, білім трансферті және инновацияға үлес, интернационалдандыру, ғалымдардың ғылыми мақалаларының жариялануы, халықаралық қарым-қатынас сияқты бес бағыт бойынша 13 индикатор қолданылады.

"АҚШ және Ұлыбритания университеттері ТНЕ рейтингінде дәстүрлі түрде көш бастап келеді. ҚазҰУ халықаралық рейтингілерде серпінді алға басуда, бұған білім ордасының әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне табысты трансформациялануы өз септігін тигізуде. Еліміздегі жетекші университеттің жаңа жетістіктері жоғары оқу орнының және жаһандық ғылым-білім беру кеңістігіндегі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін аңғартады", - деп хабарлады ҚазҰУ баспасөз қызметінде.

Айта кету керек, 2019 жылдың қыркүйек айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде "QS Worldwide" дүниежүзілік форумы өтпек. Халықаралық "QS World University Ranking" рейтингінде университет 220-шы орынды иеленген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар