Келер жылы Белградта Астана күндері өтеді

10 қазан, 2018, 18:07 1470 Астана
Келер жылы Белградта Астана күндері өтеді

Қос қала басшылары екі астананың атқарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында бірлескен жұмыс тобын құрады.  

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Белград мэрі Зоран Радойичич 2019 жылы Белградта Астана күндерін өткізуге келісті, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қос ел астаналарының басшылары екіжақты қарым-қатынасты кең көлемде дамытуда және бекітуге келісіп, Қазақстан және Сербия елдері астаналарының арасында комюникеге қол қойып, достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға келісті.

Бұдан бөлек, қала басшылары сауда-экономика саласын, гуманитарлық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға келісті. Сондай-ақ, сауда, инвестиция, инновация, туризм, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында тәжірибе алмасады. Астана мен Белград қаласының басшылары екі астананың атқарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында бірлескен жұмыс тобын құру және оның тұрақты, тиімді қызметін қамтамасыз етуді шешті. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар