Келер жылы жалпы ішкі өнімнің өсу мөлшері 3,9 пайызды құрайды деп болжануда

31 қазан, 2018, 12:19 1875 Астана
Келер жылы жалпы ішкі өнімнің өсу мөлшері 3,9 пайызды құрайды деп болжануда

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің "2019-2023 жылдарға арналған əлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды.

Мәжіліс отырысында "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің "2019-2023 жылдарға арналған əлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды.

"Орта мерзімді перспективада экономика өсуінің негізгі факторлары өңдеу және агроөнеркəсіптік кешен, құрылыс, индустрия, көлік-логистика салалары жəне сервистік экономика болады. Өңдеу өнеркəсібі 4,4 пайызға, тау-кен өндірісі 3 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,4 пайызға, құрылыс саласы 4,2 пайызға, сауда 4,6 пайызға өсуде", - деді Сүлейменов.

Министрдің айтуынша, 2019 жылы жалпы ішкі өнімінің нақты өсуі 3,9 пайыз, ал 2023 жылы 4,6 пайызды құрайды деп болжанып отыр. 2019 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 64,1 триллион теңгеден 2023 жылы 86,9 триллион теңгеге дейін өседі. 2019 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 9,9 мың долларды құрап, 2023 жылы 12,9 долларына дейін ұлғаяды.

Бүгін сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары "ҚР Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заң жобасын мақұлдады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар