Келесі туристік маусымда Баянауылға әуе бағыттары ашылады - Жаңалықтар | BNews

Келесі туристік маусымда Баянауылға әуе бағыттары ашылады

17 шілде, 17:02 1667 Павлодар облысы
Келесі туристік маусымда Баянауылға әуе бағыттары ашылады

Баянауыл ауданындағы курорттық аймақтың қолжетімділігін арттыру мақсатында ұзындығы 1200 м және ені 21 м ұшып-қону алаңы жаңартылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті еліміздің жергілікті әуе желілерін дамыту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ИДМ-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған орай, сондай-ақ туризмді дамыту және Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы курорттық аймақтың қолжетімділігін арттыру мақсатында ұзындығы 1200 м және ені 21 м ұшып-қону алаңы жаңартылуда. Жергілікті аэродром барлық қажетті аэронавигациялық жабдықтармен жабдықталады. Сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсету үшін 200 шаршы метр аумақты құрайтын ғимарат салынады.

Курорттық аймақтағы аэродромды 2018 жылдың соңына дейін салып бітіру жоспарланған. Тиісті сертификаттаудан кейін келесі туристік маусым алдында Астана-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу көзделініп отыр. Сонымен қатар, Алматы-Баянауыл бағытын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыттарда аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану жоспарланып отыр.

Биылғы туристік маусымда Астана мен Алматыдан Балқаш, Үшарал және Үржар курорттық аймақтарына субсидияланған тұрақты ішкі рейстер орындалатындығын атап өткен жөн.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары