Келесі жылы Астана аялдамаларында 182 ақпараттық табло орнатылады

Написать нам
29 қазан, 2018, 11:38 1552 Астана
Келесі жылы Астана аялдамаларында 182 ақпараттық табло орнатылады

Қазіргі таңда автобус аялдамаларында 133 табло жұмыс істеп тұр.

2019 жылы астана аялдамаларында 182 ақпараттық табло орнатылады. Таблода көрсетіліп тұратын деректердің өзектілігі 90 % құрап отыр, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда автобус аялдамаларында 133 табло жұмыс істеп тұр, жолаушылар соның арқасында бағдардың келу және кету уақытын біліп отырады, бұл өз кезегінде олардың уақытын үнемдеп, оңтайлы бағдар қозғалысын таңдауына мүмкіндік береді.

Таблода көрсетіліп тұратын деректердің өзектілігі 90 % құрап отыр. Қоғамдық көлікті пайдаланушылар үшін Astra Bus мобильді қосымшасы жасалды, ол автобустың дәл уақытында жүретін қозғалысын бақылап отыруға арналған. Жолаушылар үшін бақылап отырудың екі нұсқасы ұсынылған: картографиялық түр және аялдамада автобустың келетін уақытын көрсетіп тұратын табло. Бүгінде қосымшаны 200 мыңнан аса адам пайдаланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар