Кентау трансформатор зауыты 12 млрд теңгенің өнімін өндірді - Жаңалықтар | BNews

Кентау трансформатор зауыты 12 млрд теңгенің өнімін өндірді

12 қыркүйек, 11:33 480 Оңтүстік Қазақстан облысы
Кентау трансформатор зауыты 12 млрд теңгенің өнімін өндірді

Қазақстандағы трансформатор құрайтын жалғыз кәсіпорын жылдан жылға жұмыс үдемелілігін арттырып келеді. Осы жылдың сегіз айында Кентау трансформатор зауыты 12 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 50 % жоғары, деп хабарлайды Вnews.kz.

Электроматор, генератор және траснформатор шығаратын өндіріс орны осы аралықта  10988 дана заттай тауар шығарған. Кәсіпорын өндірілген өнімнің 40 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өбекстан және Тәжікстан елдеріне экспорттаған. Зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушылары қатарында «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан теміржолы» АҚ,  «ҚазТрансОйл» АҚ сияқты алпауыт мекемелер мен Орта Азия мемлекеттері бар.

Мұнда 1011 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді. Олардың көбі жастар. Кәсіпорын жанынан ашылған колледждің 500-ге жуық студенті дуальды жүйемен осында мамандығын толық меңгереді. Соның нәтижесінде, жұмыс өнімділігі артып, сапалы тауар шығарылуда.

Жаңа техникамен жарақтандырылуға және жаңа өнім шығаруға зауыт басшылығы әрдайым басымдық береді. Кеңес Одағы тұсындағы жабдықтар қазір жарамсыз. Сондықтан зауыт құрылғалы бері мұндағы технологияның барлығы түгелімен жаңаланды. Өндіріс көлемі 20 жылда 20 есеге өсті. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары