Кентауда коммуналдық қызметтің құны 24 пайызға арзандады

3 Декабря, 2018, 17:19 2185
Кентауда коммуналдық қызметтің құны 24 пайызға арзандады |  | BNews.kz

Оның құны 136-дан 103,88 теңгеге дейін төмендеген.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Кентау қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапары барысында "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланы жылумен қамтамасыз ететін мекеме 2011 жылы құрылған. Серіктестікте 395 адам жұмыс істейді. Аталған мекеме 334 көпқабатты тұрғын үйге, 2121 жеке үйге, 374 коммерциялық нысанға және 102 бюджеттік мекемеге жылу беріп келеді. Жалпы қалада 38,2 шақырым магистралдық, 116,8 шақырым ішкі орамдық жылу құбыры тартылған.

Мекеме басшысы Төлеу Әшірхан Елбасының тапсырмасына сәйкес, коммуналдық қызметтің құны 136-дан 103,88 теңгеге немесе 23,88 пайызға арзандатылғанын жеткізді. Сондай-ақ, төмен жалақы алатын 60-тан астам азаматтың еңбекақысын көтеру мақсатында мекеме бюджетінен 1 млн. 600 мың теңге қаралып отырғанын айтты.

Облыс әкімі халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында тиісті шараларды дер кезінде атқаруды тапсырды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13925

Похожие новости