ҚХА Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

ҚХА Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

20 ақпан, 19:13 912 Астана
ҚХА Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Бұл қызметті енді Прокопенко Леонид Андреевич атқарады.  

Мемлекет басшысының Өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтеріне тағайындалды, деп хабарлады akorda.kz.

Осыған дейін Леонид Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерінен босатылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары