ҚХА-ның әлеуметтік қорғалмаған топтарды қолдайтын қайырымдылық шарасы жыл бойы өтеді

09 қаңтар, 2019, 20:15 1438
ҚХА-ның әлеуметтік қорғалмаған топтарды қолдайтын қайырымдылық шарасы жыл бойы өтеді

Іс-шара ұлттық әдет-ғұрыптарымен ұштастырылатын болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған "Қайырымдылық керуені" атты қайырымдылық іс-шаралары бастау алып, өңірлерде жалғасын табуда, деп хабарлады assembly.kz.

"Мейірімділікпен бірлікке!" ұранымен бастау алған қайырымдылық акциясы бір жылға созылып, ай сайын қазақ ұлтының әдет-ғұрыптарымен ұштастырылатын болады. Қаңтар айында "Сарқыт" атауымен өтіп жатқан қайырымдылық іс-шарасы ақпанда – "Сыбаға", наурызда – "Шашу", сәуірде – "Асар", мамырда – "Қамқор", маусымда – "Тоқымқағар", шілдеде – "Ерулік беру", тамызда – "Жылу", қыркүйекте – "Көрімдік", қазанда – "Бата", қарашада – "Бес жақсы", желтоқсанда – "Кәде" деген атаумен өткізілетін болады.

Аталған салт-дәстүрлерге сайып келетін іс-шаралар "Қазақтану" ғылыми-ағартушылық жобасын танытуға да зор үлесін тигізбек. Жалпы аталған жобаның өткен жылы тұсауы кесіліп, мақсатты түрде жұмысын бастап кеткен болатын.

ҚХА 2015 жылдан бастап қайырымдылық іс-шараларын үздіксіз өткізіп келеді. Бұл үрдіске халық арасынан шыққан жомарт жандар мен меценаттар өз үлестерін қосуда.

Сарқыт – қуанышқа, жақсылыққа жайылған дастарқандағы дәмнен сыйлы, құрметті қариялардың жолын берсін деген ниетпен әжелер балаларға алатын базарлығы. Бұл ғұрыптың тәрбиелік мәні зор – адал асты ысырап етпей, жақыныңмен жақсылықты бөлісуді білдіреді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #ҚХА #қайырымдылық #акция

Читайте также

Похожие новости