Киевкада жауынгер-интернационалистерге ескерткіш орнатылды

13 қазан, 2017, 09:58 5420 Қарағанды облысы
Киевкада жауынгер-интернационалистерге ескерткіш орнатылды

Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде жауынгер-интернационалистерге арналған еркерткіш орнатылды. Жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер қаржыландырды. 

"Ауған соғысы қазақстандықтардың, балаларын жоғалтқан әкелер мен аналардың есінен кетпейді. Барлық ұрпақтар өз батырларын – сол сұрапыл соғыстың барлық қиындықтарын бастан кешкен қарапайым сарбаздарды дәріптеулері қажет", - деді Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов ескерткіштің ашылу салтанатында.

Ауғаныстандағы шайқастарға 96 нұралық азаматтар қатысқа, оның төртеуі қаза болған. Мемориалдың ашылуында барлық жауынгер-интернационалистер, қаза болған солдаттардың туғандары жиналды.

Ескерткіштің авторы – қарағандылық суретші Игорь Баграмов. Мүсіндік композиция екі бөліктен құралады. Біріншісі – солдаттың кеудесі, екіншісі – әскери керуендер өткен бұралаң тау жолдарының бейнесі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!