Киік атқан Қызылорда тұрғындары ұсталды - Жаңалықтар | BNews

Киік атқан Қызылорда тұрғындары ұсталды

01 ақпан, 11:07 1731 Қызылорда облысы
Киік атқан Қызылорда тұрғындары ұсталды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 10 киікті атып алған броконьерлер ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz

Комитеттің мәліметінше, 31 қаңтарда сағат 19:20 шамасында РМҚК "Охотзоопром" ӨБ" Орталық өңірлік филиалының инспекторлары мен Жезқазған ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау бөлімінің қызметкерлерінің бірлескен жұмысы барысында, Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты аумақта мемлекетік нөмірі 115 AYA 11 "Toyota Land Cruiser 100" маркалы автокөлігі бар Қызылорда қаласының үш азаматы  құрықталды.

Автокөлікті тексеру барысында 10 бас киік табылған. Оқиға орнына Сырдария  аудандық ІІД жедел тергеу тобы шақырылды. Алдын ала келтірілген шығынның көлемі 9 139 000 теңгені құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары