Кілем жумақ болған тағы бір әйел адам суға ағып кетті

26 шілде, 2018, 13:23 3278 Алматы
Кілем жумақ болған тағы бір әйел адам суға ағып кетті

32 жасар жүкті келіншек Алматыдағы Есік каналына кілем жууға барған, алайда ісін соңына дейін аяқтап үлгермеген.

Алматыда кілем жумақ болған жүкті келіншек өзен суына ағып кетті, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

32 жастағы Әсия Мұсаева жолдасымен бірге ел арасында Есік бағы атанып кеткен Есік каналына кілем жууға барған. Әйел адам су жағасында тұрғанда сабыннан аяғы тайып, өзен суына ағып кетті.

Келіншектің күйеуі артынан біраз жерге дейін жүзіп барған. Бірақ таба алмаған. Отбасында екі бала бар келіншек үшінші сәбиіне жүкті болған.

"Іздеп жатқанымызға 3-тәулік болды. Сол күні күйеу балам іздеген. Судың бойындағы адамдар да іздесуге көмектескен. Бір де бір көлік тоқтамаған. Қазір судың жағасын менің әкем, бауырларым, күйеу балам кезіп іздеп жүр. Өлі-тірісін білмейміз", - деді Әсияның әпкесі Шахризада Маратова.

Қала тұрғындарының айтуынша, Есік каналының ағысы өте қатты. Сонымен қатар, құз-жартасты жерлері де жетерлік.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас қайғылы оқиға Астанада қаласында да болған еді. 43 жастағы әйел екі қызымен бірге суға кетіп, көз жұмған болатын. Олар Нұра-Есіл арнасының жағасында кілем жуған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар