Қымбат самса үшін Ақтау әуежайына айыппұл салынды

10 Января, 2019, 16:16 6036
Қымбат самса үшін Ақтау әуежайына айыппұл салынды |  | BNews.kz

Сондай-ақ, енді тамақтану орнындағылар жолаушылар үшін бағаны төмендетуге міндеттелді.

Ақтау халықаралық әуежайына 1,5 миллион теңге айыппұл салынды. Сотқа дейін жеткен оқиғаға әуежай ішіндегі дәмханада шарықтаған баға себеп. Өйткені, бұған дейін жолаушылардың бірі самсаның құны 500 теңге екенін айтып шағымданған болатын, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Монополияға қарсы департамент Ақтау әуежайының иелерімен бір жылға жуық соттасқан. Сөйтіп, әуежайдағы жалғыз тамақтану орны нағыз монополияның ошағына айналғаны анықталды. Енді соттың шешімімен әуежай басшылығы кем дегенде екі дәмхананың жұмыс істеуіне жағдай жасауы тиіс. Сол арқылы бағаны төмендету көзделіп отыр. Сондай-ақ, енді тамақтану орнындағылар жолаушылар үшін бағаны төмендетуге міндеттелді.

"Монополиялық және үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша құқық бұзушылық анықталды. Әкімшілік сотымен қаулы шығып, қаулының қорытындысында 15 миллион монополиялық кіріспен табылған кіріс айыппұл салынды және миллион жарымнан үстем бөлек айппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді", - деді Маңғыстау облысы табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бас маманы Бақтияр Тұраров.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13848

Похожие новости