Қырымда құтқарушылар қазақстандық турист қызды таудан эвакуациялады

28 шілде, 2018, 12:26 2674
Қырымда құтқарушылар қазақстандық турист қызды таудан эвакуациялады

Қыз баланы Ай-Петри тау шоқысының шығуы қиын жерінен тасымалдау қажет болды.

"Қырым-СПАС" авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері Ай-Петри тау шоқысының шығуы қиын жерінен тасымалдау қажет болған 23 жастағы Қазақстан тұрғынына көмек көрсетті. Бұл туралы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі Қырым басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz "Рамблер" сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның айтуынша, қыз бала өзін нашар сезініп, жедел медициналық көмекке мұқтаж болған. Сигналды алғаннан кейін бір жарым сағат өткенде құтқарушылар зардап шеккен адамды тапты. Зембіл мен альпинистік жабдықтардың көмегімен турист қызды қауіпсіз жерге алып шығып, қызметтік көлікпен Ялтаға алып барды.

Ол одан әрі медициналық көмекке мұқтаж емес болған жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар