Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды - Жаңалықтар | BNews

Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды

09 ақпан, 17:21 2056
Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды

Дәл қазір Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр.

Төрткүл дүниенің төрт бұрышындағы спортсүйер қауым асыға күткен сәт те келіп жетті. Дәл қазір Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар бұрын-соңды болмаған шоу өтетіндігіне уәде берген болатын. Сондықтан бағдарлама барысын соңғы сәтке дейін құпия ұстап келді.

Дегенмен шеру тәртібі өзгермеген. Мемлекеттерді әдеттегідей грекиялық спортшылар бастайды. Ары қарай дүбірлі додаға қатысатын 92 ел корей әліпбиіне сай таныстырылады.

Қазақстан ұлттық құрамасының туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстап шығады деп күтілуде. Ашылу рәсімін тікелей эфирде "Хабар" арнасынан көруге болады.

Спортшыларымыздың жарыс жолына шығу кестесі туралы осыған дейін жариялағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары