Қысқы Олимпиадада могулшыларымыз нешінші болып шығатыны белгілі болды - Жаңалықтар | BNews

Қысқы Олимпиадада могулшыларымыз нешінші болып шығатыны белгілі болды

08 ақпан, 18:56 1600
Қысқы Олимпиадада могулшыларымыз нешінші болып шығатыны белгілі болды

Спортшылардың жарыс жолына қай нөмірмен шығатындары әлемдік рейтингісіндегі орнына сәйкес берілген.

Олимпиада ойындарындағы могулдан іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшылардың нешінші номермен шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы сайыста Юлия Галышева 5-ші, ал Аяулым Амренова 29-шы болып шығады.

Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд 2-ші, ал Павел Колмаков 14-ші болып өнер көрсетеді.

Аталмыш номерлер спортшылардың әлемдік рейтингісіндегі орнына сәйкес берілді.

Естеріңізге сала кетсек, могулдан іріктеу кезеңі ертең Астана уақытымен таңғы сағат 07:00-де басталады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Пхёнчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарын "ХАБАР", "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары