Қытайдағы жер сілкінісін алматылықтар да сезді

28 мамыр, 2018, 09:56 1846
Қытайдағы жер сілкінісін алматылықтар да сезді

Алматыдан 379 шақырым қашықтықта жер сілкінді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы" ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 08 сағат 31 минут 14 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 379 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.0. MPV тербелісі - 3.9. Зілзаланың 35 км тереңдікте тіркелген", - делінген хабарламада. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы облысы #жер сілкінісі #Білім және ғылым министрлігі

Читайте также

Похожие новости