Қызғалдақ пен раушан гүлдері Ақтөбе облысында жыл бойы өсірілетін болады - Жаңалықтар | BNews

Қызғалдақ пен раушан гүлдері Ақтөбе облысында жыл бойы өсірілетін болады

15 наурыз, 17:37 3162 Ақтөбе облысы
Қызғалдақ пен раушан гүлдері Ақтөбе облысында жыл бойы өсірілетін болады

Ақтөбе облысында алғашқы гүл өсіретін жылыжай салынады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Аудан әкімінің айтуынша жылыжайдың құрылысына қажетті барлық материалдар дайын. Жоба осы жылдың сәуір айынан бастап жүзеге асырыла бастайды.  Жоба құны 25 миллиард теңгені құрайды.

"Гүл өсіретін жылыжай үшін Маржанбұлақ кентінен 15 га жер өлінді. Бұл жобаны орындаушы "Орандж-Холдинг" ЖШС-гі. Мұндай жылыжайлар біздің Ақтөбеде жоқ, жылыжай жыл бойына бірнеше гүлдердің түрін, соның ішінде қызғалдар пен раушан гүлін өсіреді", - деп нақтылады Алға ауданының әкімі.

Тұтастай алғанда, осы жылы Алға ауданында ауылшаруашылығы саласында үш ірі инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Сондай-ақ, цифрландыру аясында ауыл шаруашылығы саласында қуаты 1000 гектарлық автоматтандырылған суару жабдығы алынады.

Ұқсас жаңалықтар