Қызылорда мектептерінде сатушысыз дүкендер ашылды

30 Января, 2019, 11:03 2211
Қызылорда мектептерінде сатушысыз дүкендер ашылды |  | BNews.kz

Дүкеннен оқушылар мен мұғалімдер қажетті заттарын алып, ақшасын арнайы жәшікке салады.

Қызылорданың 3 мектебінде сатушысы жоқ "Адалдық дүкендері" ашылды, деп хабарлады  облыстық МҚІСЖҚА департаментінің баспасөз қызметі.

Осы кезге дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен бірқатар колледждерде ашылған сатушысыз сауда орындары, енді орта мектептерде де өз жұмысын бастады.

Мектеп қабырғасында алғаш рет ашылған аталмыш дүкендер өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Дүкеннен оқушылар мен мұғалімдер қажетті заттарын алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. Сатып алушыларды ешкім бақыламайды.

Мұнда сатушы да, бейнекамера да, күзетші де жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа, адамның тәртібі мен ұятына негізделген. Өскелең ұрпақты жақсы қасиетке баулуды көздеген бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға да оң әсер етеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті оқушыларды ішкі парасаттылық пен ар-намысқа тәрбиелеуге бағытталған "Адалдық дүкендерін" алдағы уақытта өңірдегі барлық мектептерде ашуды көздеуде.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13848

Похожие новости