Қызылорда облысында бірқатар апатты мектептер жойылды - Жаңалықтар | BNews

Қызылорда облысында бірқатар апатты мектептер жойылды

07 желтоқсан, 10:59 1629 Қызылорда облысы
Қызылорда облысында бірқатар апатты мектептер жойылды

Қызылорда өңірінің бірнеше елдімекенінде апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді, деп хабарлайды BNews.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Қазалы ауданында Бірлік, Лахалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елдімекендерінде 5 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді.

Сонымен қатар, Қазалы қаласындағы №95 орта мектептің шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жасалса, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейге ағымдағы жөндеу жүргізілді. 3 мектеп-лицей, гимназия және оқушылар үйі робототехника кабинетімен жабдықталды.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында барлық 36 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды.

11 сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын күшейту мақсатында Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына 500 оқушы жіберіліп, қосымша оқытылды.

Ауданда 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар