Қызылорда облысында еріген қар суы мектеп аумағына жайылды - Жаңалықтар | BNews

Қызылорда облысында еріген қар суы мектеп аумағына жайылды

12 наурыз, 2018, 09:52 1678 Қызылорда облысы
Қызылорда облысында еріген қар суы мектеп аумағына жайылды

Оқушылар  үшін сабақ жалғаса береді.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Аранды ауылындағы мектеп аумағына қар суы мен жаңбыр суы жайылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, облыстық басқарма басшысы Серік Сермағанмбетов пен облыстық ТЖ департаментінің басшысы Омар Бержанов келді.

Облыстық әкімшілікте хабарланғандай, мектептегі оқу уақытша тоқтатылмақ. Өйткені мектептің едені көтеріліп, сыртқы жағына зақым келген.

Аранды мектебі екі жыл бұрын салынған. 100 орындық мектепте 98 оқушы оқиды. Мектепке келген зақымды Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша құрылған арнайы комиссия тексеріп, тиісті шешім шығарады.

Қызылорда облысының білім басқармасы Аранды ауылының балалары оқу жылын қай жерде аяқтайтыны туралы хабарлады.

"Оқушылар үшін оқу жалғаса береді. 12 наурыздан бастап мектептің 98 оқушысы көрші Қожабақ ауылындағы №25 мектепте оқуын жалғастырады", - делінген хабарламада.

Көрші ауылдағы балалар бір ауысыммен оқиды. Екінші ауысымға мұнда Аранды ауылдық мектебінің ұстаздары мен оқушыларын әкелетін болады. Көлік қамын Қазалы аудандық әкімшілігі өз мойнына алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар