Қызылорда облысында "Қалқан-2018" арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

12 қазан, 2018, 17:41 3064 Қызылорда облысы
Қызылорда облысында

Сырдария ауданында аумақтық қорғаныс-әскери бөлімдерінің жиыны өтіп жатыр.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Казантаев пен аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен бүгін жаттығулардың қорытынды-практикалық кезеңі басталды. Жаттығуға жалпы алғанда шамамен 300 адам және 22 арнайы техника қатысуда, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі, аумақтық қорғаныс басшысы Ғанибек Қазантаев және бөлім басшылары жаттығуларға дайындық барысы туралы баяндады.

Оқу-жаттығудың сценарийіне сәйкес, Сырдария ауданының Шаған ауылында 16 диверсанттан құрылған қылмыстық жасақ шетелдік қылмыстық топтардың қолдауымен екі автокөлікпен  күзет бекетінен өтіп, аудан орталығы - Тереңөзек кентіне барады. Адам шығынын болдырмау үшін, қылмыскерлерді кедергісіз өткізіп, "Барыс-43" сигналымен  диверсанттарға қарсы күрес жасағы келеді. Екінші бекеттің жасағы диверсанттар кіргені туралы хабар алып, әскери жағдайды қабылдап жауап беру шараларына кіріседі.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласынан тікұшақпен взвод келіп, қорғаушыларға көмектеседі және оларды нысанның жанында орналасқан шартты түрде аяқталмаған ғимаратқа қарай енеді. Сондай-ақ, келген тікұшақпен жұмысшыларды қауіпсіз жерге эвакуация жасайды.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барлық қатысушыларды әскери операцияны сәтті өткізуімен құттықтап, үздіктерді марапаттады.

"Ел Президенті – Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің біртұтастығын, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, өмір сүру және аса маңызды нысандарды күзету мен қорғауда аумақтық қорғаныс құрылымдарының орыны ерекше екенін әрдайым айтып келеді. Қай заманда болмасын ата-бабамыз от пен оққа оранып, жанын қиса да, арын сатпаған, бір сүйем жерін жау қолына ұстатпаған. Кешегі өткен Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа және Бұқарбай батырлардай елі мен жері үшін, халқының қамы үшін жанын берер азаматтарымыз бүгінгі күні де аз емес",-деді аймақ басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар