Қызылорда облысында Нұрпрезидент есімді сәби дүниеге келді

04 шілде, 2018, 11:09 2406
Қызылорда облысында Нұрпрезидент есімді сәби дүниеге келді

Нәрестелі болған жас отбасы Шиеліде тұрып жатыр.

Қызылорда облысында ата-ана баласына ерекше ат қойды. Осы жылдың 29 наурызында облыстық перинаталдық орталықта Нұрпрезидент дүниеге келді, деп хабарлайды BNews.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазір сәби Шиеліде 26 жастаға ата-анасымен бірге тұрып жатыр.

"Біз ата-аналардың қатысуынсыз тіркеу жүргіземіз. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электронды үкімет порталы арқылы туған баланы тіркеуге өтініш береді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі.

Перинаталдық орталықта күніне 60-70 бала дүниеге келеді. Өңірде балаларға көбінесе мұсылманша аттар қойылады, деп хабарлады тіркеу бөлімі. 

"Облыста Нұрсұлтан Назарбаевтың аттастары бар. 2015-2017 жылдары Нұрсұлтан деген есім жиі қойылды", - деп толықтырды мамандар.  

Өткен жылдың қарашасында елордада жаңа туған балаға ЭКСПО-ның құрметіне Бәйдiбэкспо деген ат қойылды.   

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қызылорда облысы #сәби #ат қою

Читайте также

Похожие новости