Қызылорда облысында "Саналы ұрпақ – жарқын болашақ" жобасы жүзеге асырылуда

05 қараша, 2018, 12:32 2355 Қызылорда облысы
Қызылорда облысында

Клубтар қызметінің басты мақсаты  студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру болып табылады.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада академиялық адалдық қағидатын енгізу мақсатында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бастамасымен Қызылорда облысының жоғары және арнаулы орта оқу орындарында "Саналы ұрпақ" клубтары құрылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Клубтар қызметінің басты мақсаты  студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, оларды әділдік пен адалдық қағидаларын ұстануға бағыттау болып табылады. 

Бүгінде оқу орындарының  9 мыңнан астам студенттері "Саналы - ұрпақ" клубының мүшелері атанды.  

Осыған орай, "Саналы ұрпақ" клубтарының тәлімгерлері бекітіліп, олардың жетекшілігімен оқу орындарында отанды сүю, үлкенді құрметтеу, әділдік пен адал еңбек үлгісін насихаттау жұмыстары жүргізілуде. 

Алдағы уақытта, клуб мүшелері түрлі акциялар ұйымдастырып, қарттар мен зейнеткерлерге көмек көрсетуді көздеп отыр.    

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар