Қызылорда облысында төтенше жағдай жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Қызылорда облысында төтенше жағдай жарияланды

07 ақпан, 12:58 910 Қызылорда облысы
Қызылорда облысында төтенше жағдай жарияланды

Қорғаныс бөгетін су жеті жерден жырып өткен.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында төтенше жағдай жарияланды. Өзен арнасынан асып, су ауыл шаруашылығы алқаптарына жайылды, деп хабарлайды BNews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын алу жұмыстарының күшейтілгеніне қарамастан, Қалжан ахун ауылы маңындағы қорғаныс бөгеті жарылған. Мамандардың айтуынша, қазір Сырдарияға жоғарыдан секундына 400 текшеметр су құйылып жатыр, бұл қауіпті емес. 

Қорғаныс бөгетін су жеті жерден жырып өткен. Қазір Қалжан ахун ауылынан бес жарым шақырым жерде. Су екі мың гектардан астам жерді басты. Оның 500 гектары - күріш алқабы. Осыған орай Сырдария ауданында төтенше жағдай жарияланған.

Өзен суы бөгетті 29 қаңтарда жеті жерден жарып өткен. Қауіпті аймақтан бүгінде барлық мал шығарылған. 60 адам 16 арнайы техникамен апатпен күресіп жатыр. Десе де, 1300 метр бұзылған жерді жамау әлі күнге дейін мүмкін болмай тұр. Мамандар мұз бөгеттің жамалған жерлерін қайта бұзып, әбігерге салып жатқанын айтады.

Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев 

"Аудан бойынша төтенше жағдай жарияланып, облыс әкімі төтенше жағдайлар комиссиясын өткізді бұл мәселе бойынша. Облыс бойынша 1274 шақырым Дария өзені бойында орналасса, соның 1 111 километрінде қазір мұз қалыптасып тұр. 20 сантимерден 60 сантимерге дейін мұз тұр. Астында 2-2,5 метр кұр жүріп жатыр мұздың астында. Осы кептеліс тудыртып жатыр. Сол кептеліс тудыртқан кезде артық су көтеріліп, облыс бойынша су жайылу мәселелері болып жатқаны рас", - деді Ғабит Жаңабаев.

Дегенмен, жергілікті атқамінерлер бөгетті 2-3 күнде қалпына келтіреміз деп отыр. Көктемде егістік алқаптардан суды айдап шықпақшы. Облыс жоғары дайындық тәртібіне көшті. Қазір шығын келмейтіндей жұмыс жасалып жатыр.

Ал синоптиктер ауа райы күн сайын жылына түсетінін болжап отыр. Алдағы демалыс күндері тіпті ауа температурасы 0 градус болмақ. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары