Қызылорда облысында цемент зауыты іске қосылады

18 қыркүйек, 2018, 09:49 1208 Қызылорда облысы
Қызылорда облысында цемент зауыты іске қосылады

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және темір жол салу жұмыстары жүргізілуде.

Қазір құрылыс алаңында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысып, Қытай Халық Республикасынан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті.

Қазіргі таңда, цемент өндіретін зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға аяқталған, өндіріс орнының болашақ қызметкерлері Қытайда білім алуда.

Жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту үшін "Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы аудандағы индустриалды колледждің түлектерін – 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын. Аймақ басшысы оқуын тәмамдап келген алғашқы 17  түлекпен кездесті. Қазіргі таңда екінші топпен оқитын 80 студент іріктеліп алынды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және темір жол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ облыстық бюджеттен өнеркәсіптік аймаққа газ құбырын салу үшін қаражат бөлінді.

Естеріңізге салайық, Шиелідегі цемент өндіретін зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн. тоннаны құрайды. Жоба аясында 50 гектар жер телімі бөлінді, оның 46 гектары нақты зауыт құрылысы үшін, ал төрт гектарында қызметкерлерге арналған әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және ҚХР елдеріне жеткізілетін болады.

Зауыт толық іске қосылған кезде өнеркәсіпте 220 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: