Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметін жаңғырту жұмыс сапасына оң әсер етті

22 қазан, 2018, 10:48 1281 Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметін жаңғырту жұмыс сапасына оң әсер етті

Жедел жәрдем бригадаларының саны 56-дан 75-ке дейін көбейді.

Диспетчерге қоңырау түскеннен бастап жедел жәрдемнің науқастарға жету уақыты 11,2-ден 8,9 минутқа дейін азайды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 9 айында жедел жәрдем қызметін пайдаланушылар саны 1000 адамға шаққанда 22,5%-ға төмендеген, тиісінше қоңыраулар саны 23,4%-ға азайды.

Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша өткен жылдың шілде айынан бастап денсаулық сақтау министрінің №450 бұйрығына сәйкес ережелер бекітіліп, жедел жәрдем қызметі жаңартылуда.

Қабылданған шаралардың арқасында Қызылорда облысында жедел жәрдем бригадаларының саны 56-дан 75-ке дейін көбейді.

"Аймақта халықтың қажеттіліктері толығымен қамтамасыз етілген. Өңірде 47 облыстық жедел жәрдем мен (20-сы қалада және 27-сі аудандарда) 28 шұғыл медициналық көмек станциясы жұмыс істеп тұр. Облыстық жедел жәрдем станциясында 18 дәрігерлік және 29 фельдшерлік бригада бар. Шұғыл медициналық көмек бекеттерінде барлығы фельдшерлік бригадалар болып табылады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ақмарал Әлназарова.

Жедел жәрдем бригадаларының бағытын анықтап отыру үшін GPS-навигаторымен жабдықталған.

"Қабылданған шаралардың арқасында кешігу-47,3, нәтижесіз қоңыраулар 13,3 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, сәтті реанимациялау 2 есеге артып, ауруханаға жетпей қайтыс болу жағдайлары 2,9 пайызға азайса, ал жедел жәрдем бригадаларының қызмет сапасы 44,7 пайызға жоғарылады. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметінің диспетчерге қоңырау түскеннен бастап науқасқа жету уақыты да орта есеппен 11,2-ден 8,9 минутқа дейін, ал жол-көлік оқиғасы болған жерге жету орта есеппен 10 минутқа қысқарды", - деп хабарлады Ақмарал Әлназарова.

Атап өтейік, инсульт алған науқастарға көмек көрсетілетін медициналық ұйымға бастапқы 40 минутта жеткізу қызметі 23,5 пайызға артса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 58,1 пайызды, 2018 жылы 90,3%-ды құрап отыр. Республикалық көрсеткіш - 75 пайыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар