Қызылорда облысында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді - Жаңалықтар | BNews

Қызылорда облысында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18 шілде, 15:13 1647 Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясының кезекті отырысында мәлімдеді.

Бүгінде Қызылорда облысының аумағында 1726 пәтерлік 42 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 36-сы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында толық бір шағын аудан – 16 көппәтерлі тұрғын үйді беру жоспарланып отыр.

"Біз биыл 2017 жылға қарағанда кем түспейтін 667 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа енгіземіз деп есептеп отырмыз", - деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар, биылғы міндет - облыстағы халықтың әлеуметтік осал топтарын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта 2017 жылы "Орда" тұрғын үй құрылысының Жол картасы әзірленді. Бірінші болып бағдарламаның игілігін апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатақхана тұрғындары көретін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары