Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжауда

10 желтоқсан, 2018, 12:15 2135 Қызылорда облысы
Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжауда

Ал Түркістан облысында дабылды ескерту жарияланды.

11-13 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сібір антициклонының тау сідемдері баяу шығысқа қарай шегініп, оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстігінен жылы атмосфералық фронттар жылжыйды.

"Жылы ауаның суық бетке түсуі жауын-шашынмен қиылысып республиканың басым облыстарында тұман және көктайғақтың қалыптасуын тудырады, ал бұл түнгі және күндізгі уақытарда әсіресе автокөлік жолдарында қауіпті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 10 желтоқсанда күндіз, 11 желтоқсанда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталуына байланысты аймақта дабылды ескерту жарияланды. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар