Қызылордада 210 отбасы баспаналы болды

19 желтоқсан, 2017, 16:02 1340
Қызылордада 210 отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жаңа КБИ мөлтек ауданында салынған 210 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев баспаналы болған қызылордалықтарды қуаныштарымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады. Пәтерлі болған 210 азаматтың 42-сі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен және қоныстойымен құттықтады.

"Биыл біз облыс орталығының күрмеулі мәселелерінің бірін шештік, апатты үйлерді жойып, тұрғындарды жаңа қонысқа көшірдік. Соңғы 4 жылда облыс орталығында 7 мыңнан астам тұрғыны бар 12 шағын аудан бой көтерді. Бұдан бөлек, Сырдарияның сол жағалауынан жаңа қаланың құрылысы басталды», - деді облыс әкімі.

Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі Ташмұхамбетов Ардаққа бұл ерекше қуаныш.  Себебі, ол Орталықтан бірден өзінің жаңа пәтеріне шығады.

«Мен 23 жастамын және осы жасқа толған кезде Орталықтан кететінімді білемін. Баспанасыз қаламын деген қорқыныш болмады, өйткені мен білетінмін, Жастар үйінен арендалық пәтердің берілетінін, онда мен 29 жасқа дейін өмір сүретін боламын. Бірақ жасөспірімдер үйінен дереу өз пәтеріме кіремін деп күткен жоқпын. Облыс әкіміне ризамын», - дейді ол.

 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қызылорда облысы #баспана #тұрғын үй #Тәуелсіздік күні #Қырымбек Көшербаев

Читайте также

Похожие новости