Қызылордада 900 азамат әскерге аттанады

15 қазан, 2018, 15:07 880 Қызылорда облысы
Қызылордада 900 азамат әскерге аттанады

Қызылорда облысынан күзгі әскери науқанға шақыру барысында ҚР қарулы күштеріне, басқа да әскери құрылымдарға 1991-2000 жылдары туған к 900-ге жуық жігіт Отан алдындағы борышын өтейді. Әскер қатарына шақыру және жіберу жүмыстары қыркүйектің 9-ы мен желтоқсанның 28-і аралығында жүргізілмек. Бұл туралы облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, полковник Еркінбек Байболов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тілшілермен кездесуінде айтты

Қазір ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты Алматы, Маңғыстау, Атырау өңірлеріне біздің аймақтан 200-ге жуық азамат әскер қатарына жіберілген. Департамент басшысы ҚР Қарулы күштері әскери бөлімдеріне 300 сарбазды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, элиталы әскери құрылым саналатын ҚР мемлекеттік күзет қызметіне 16 азамат дайындалған. Қараша мен желтоқсан айларында ҚР ІІМ ішкі әскері – Ұлттық Ұланға да біздің жігіттер аттанады.

Бүгінде әскерге барар алдында жинақтау пунктінде облыстағы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен психологтары үш күн бойы әскерге жарамды сарбаздармен дайындық жүргізеді. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының дін орталығының теологтарымен бірлесе түсіндірме дәрістер өткізіледі. Сарбаздарды шығарып салу шарасы қаламызда орналасқан батырлар ескерткіштерінің жанында салтанатты түрде ұйымдастырылып, болашақ Отан қорғаушыларға үлгі болуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!