Қызылордада Астананың 20 жылдығына жыр сайысы басталды - Жаңалықтар | BNews

Қызылордада Астананың 20 жылдығына жыр сайысы басталды

07 ақпан, 11:54 899 Қызылорда облысы
Қызылордада Астананың 20 жылдығына жыр сайысы басталды

Қызылордада Астананың 20 жылдығын арқау еткен жыр сайысы басталды. Сырбойылық өрендер елорда туралы төл туындылары мен тың шығармаларын оқып, өзара жарысқа түсіп жатыр.

Бейнеэстафетаны 40 жылдық тарихы бар №7 мектеп оқушылары бастады. Жырсүйер қатысушылар Алаштың айбынына айналған Астана жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқыды, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы әдеби мамандардан құрылған алқа  үздік поэзиялық шумақтарды анықтайды. Сайыс жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алады. Жас ұрпақты отанды сүюге, ел рәміздерін қастерлеуге, туған жерін құрметтеуге шақыратын байқауға қатысушы жастардың қатары күн санап артып келеді.

"Бұл шараның мақсаты оқушылардың Елорда туралы түсінігін кеңейту, оқушылардың сөйлеу дикциясын қалыптастыру, Елорданың өткен және өсу-өркендеу тарихын білуге қызығушылығын арттыру. Шығармашыл ұстаздар арқасында оқушыларымыз облыстық, қалалық, республикалық деңгейде олимпиада, ғылыми жоба және сайыстарға қатысып, жүлделі орындармен марапатталып келеді", - деді №7 орта мектеп директорының орынбасары Ләйлә Құдабаева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары