Қызылордада көктайғақтың кесірінен 17 жол-көлік апаты болды - Жаңалықтар | BNews

Қызылордада көктайғақтың кесірінен 17 жол-көлік апаты болды

21 ақпан, 15:32 863 Қызылорда облысы
Қызылордада көктайғақтың кесірінен 17 жол-көлік апаты болды

"Қызылорда тазалығы" МКК көктайғаққа қарсы бар күш-жігерін жұмылдырды.

Қызылорда облысында соңғы бір тәулік ішінде кезекші полиция қызыметкерлері 17 жол апатын тіркеді. Мұның басты себебі ауа райының қолайсыздығы болып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Кеше түстен кейін жаңбыр жауа бастаған сәтте көп адамдар "Көктемнің лебі есті" деп қуанған еді. Алайда, бірнеше сағаттан кейін жолдардың бәрі көктайғаққа айналды. Соның кесірінен қалада жолаушылар автобусы аударылып қалды.

"20 ақпанда шамамен сағат 17.00-де облыс орталығындағы Марал Ишан көшесінде жолаушылар автобусы аударылып қалды. 1964 жылғы автобус жүргізушісінің айтуынша ол көктайғақтың кесірінен автобус тізгінінен айырылып қалған. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін олар үйіне қайтарылды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық ІІД.  

Өткен тәулік ішінде барлығы 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Құтқарушылардың мәліметінше, жол бетін мұз басуына байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды.

"Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент" тас жолы сағат 19:40-тан бері жабық. Сағат 22:10-нан бастап Жосалыдан Шиеліге қатынайтын және Самара-Шымкент бағытындағы жол жабық", - делінген таратылған мәлімдемеде.

Әзірше осы бағыттар бойынша көлік қатынасы қалыпқа келтірілуде.

Бүгін таңеретең мұздың үстіне қар жауып, мәселені одан арман ушықтырып жіберді.Коммуналдық қызметтер тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін жұмсауда. Арнайы техника мен комуналдық қызметтің жүздеген қызметкерлері қала көшелерінде жұмыс істеп жатыр.

"Жағдай барысы жіті бақылауда, жаяу жүргіншілер жолы мен автокөлік жолдары тазалануда", - деп хабарлады әкімшілікте.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары