Қызылордада көпқабатты үйдің бір жағы опырылып түсті - Жаңалықтар | BNews

Қызылордада көпқабатты үйдің бір жағы опырылып түсті

01 наурыз, 2018, 11:21 1765 Қызылорда облысы
Қызылордада көпқабатты үйдің бір жағы опырылып түсті

Барлығы 63 адам эвакуацияланып, тұрғындар мектепке орналастырылды.

Қызылордада бес қабатты жатақхананың бір подъезді қирады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға 28 ақпанда сағат 23:00 кезінде Титов ауылында болған.

"Адам тұрмайтын төртінші подъезд қираған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үй тұрғындары - 63 адам, олардың 17-сі балалар. Олардың барлығы мектеп ғимаратына орналастырылды", - делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, үй төрт подъезден тұрады, біріншісі мен екіншісінде ешкім тұрмайды екен.

Жатақхана ғимараты 1971 жылы салынған. Оқиға орнында штаб құрылып, үйіндіні тазартып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар