Қызылордада Қорқыт Ата ескерткіші жаңғыртылды

30 қазан, 2018, 09:48 881 Қызылорда облысы
Қызылордада Қорқыт Ата ескерткіші жаңғыртылды

Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы аясында қайта жаңғыртылған Қорқыт ата ескерткішінің ашылуы мен мерекелік концерт өтті

Жаңғырту жұмыстары демеушілердің қаражаты есебінен жүргізілді. Ескерткіш аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды, керамогранитпен қайта қапталды.

Сондай-ақ, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Жаңақорған ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Облыс әкімі Қ.Көшербаев ескерткіштің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, аудан жұртшылығымен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және қала мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Бұған дейін қалада Жалағаш, Арал, Қазалы және Шиелі аудандарының күндері өтті. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына тарту ретінде "Жалағаш-жырдың мекені" көрмесі ұйымдастырылып, «Арал тартуы» мен «Жалаңтөс бахадүр» аллеялары, «Еңбек аллеясы» жаңғыртылды

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!