Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында екі зертхана құрылады

12 қараша, 2018, 18:12 1713 Қызылорда облысы
Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында екі зертхана құрылады

Бір ангиографиялық қондырғы шамамен 250 мың адамға есептеледі.

Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2 ангиографиялық зертхана құру жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік аясындағы жобалардың маңыздылығын атап өтті.

"Бүгін біз облыстық медициналық орталықта және Қазалы аудандық орталық ауруханасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ангиографиялық зертхана құру туралы екі келісімшартқа қол қойдық. Барлық қажетті шаралар жүргізілді. Қазіргі таңда аймақта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында құны 34 млрд.теңге болатын 75 жоба іске асырылуда", - деді аймақ басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі таңда аймақта 2009 жылы облыстық медициналық орталық базасында орнатылған жалғыз ангиографиялық қондырғы жұмыс істейді,  оның көмегімен 5 мыңнан астам зерттеу жүргізіліп, операциялар жасалған. Нормативтерге сәйкес, 1 ангиографиялық қондырғы 250 мың адамға есептелген, аймақта жалпы қажеттіліктің тек 40%-ы ғана қамтылатынын ескерсек, бұл жобаны іске асыру өте қажет.

"Ангиографиялық зертханалардың құрылуымен қатар, алғаш рет аудандық аурухана деңгейінде МЖС аясында эндоваскулярлық хирургия енгізіледі, бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтерді халыққа қолжетімді етуге мүмкіндік береді", - деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, өткен жылы "Медтроник Қазақстан" ЖШС Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке қаржылық есебінен 2 ангиографиялық қондырғы құру туралы бастама көтерген еді.

МЖӘ жобаларын іске асырудың тиімділігін ескере отырып, 75 жобаның 30-ы, яғни  МЖӘ жобаларының жалпы санының 40%-ы денсаулық сақтау саласына берілген. Сондай-ақ, спорт, білім беру, цифрландыру салаларын дамыту және ТКШ жаңғырту жобалары қолға алынған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар