Қызылордада Олипиадалық резерв спорт мектептеріне автокөлік кілттері табыс етілді

03 желтоқсан, 2018, 14:47 1708 Қызылорда облысы
Қызылордада Олипиадалық резерв спорт мектептеріне автокөлік кілттері табыс етілді

Соңғы екі жылда аймақта 16 спорт ғимараты іске қосылды.

"Евразия" спорт кешенінде Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев спортшыларды құттықтап, олимпиада резерві облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшыларына 6 "Газель" шағын автобусы мен 2 жеңіл автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының спортқа деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігінің шынайы белгісі "2050 Стратегиясында"  "Рухани жаңғыру" және күні кеше жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалаларында да көрініс тапты. Осы орайда, Елбасы қамқорлығына бөленген спортшыларымыз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, әлемдік ойын додаларында жеңіс тұғырынан көрінуде. Облыс спортшылары  Қазақстан чемпионаттарында  - 1336 медаль жеңіп алса, Азия, Әлем чемпионаттарында – 115 медальға қол жеткізді", - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, XVIII жазғы Азиада олимпиадасында Мерей Медетов байдарка мен каноэде есуден қола жүлдені жеңіп алды. Ал Диас Бахрадин ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасында әлем чемпионы атанды. Әсел Серікбай шахматтан әлем чемпионы, Айдос Сұлтанғали грек – рим күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар, "Қайсар" футбол клубы Қазақстан Чемпионатының Премьер-Лигасында 5-ші орынға ие болды, ал жақында Олжас Оразалыұлы парадзюдодан республика бойынша тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

Спортты дамыту саласында аймақта олимпиадалық резервті дайындау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі, жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 35 спорт түрімен 18 мыңнан астам оқушы айналысады. Облыстың 1 спортшысы-Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 40 спорт шебері, 878 спорт шебері және 1 дәрежелі спортшы. Сондай-ақ, облыстың 470 спортшысы ҚР Ұлттық құрамасының құрамына енді.

Соңғы екі жылда аймақта 16 спорт ғимараты іске қосылды,оның 9-ы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында және тағы 7-і облыстық бюджет есебінен салынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: